Марқұм саналған әйел 17 жылдан бері тірі екенін дәлелдей алмай келеді - Жаңаөзен

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде 17 жылдан бері марқұм саналып келген әйел өзінің тірі екенін дәлелдей алмай әлек, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңаөзен қалалық соты баспасөз қызметініңмәлімдеуінше, әйелдің өзі 2002 жылы марқұмдар қатарына қосылғанын 2016 жылыбілген. Енді сот әйелдің өтініші бойынша азаматтық іс қозғап отыр.

«Сотта Маңғыстау облысы Ақтау қалалық АХАТбөлімінің 2002 жылғы 16 шілдедегі №782 жазбасына сәйкес, азаматша У. марқұмсаналады. Сот отырысында ол өлім туралы куәлігі бар екенін 2016 жылы білгенінайтты. Содан кейін әйел бұзылған құқын қалпына келтіру үшін түрлі инстанцияларғажүгінген, бірақ нәтиже жоқ», - деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Сот іс материалдарын қарап шығып, өтініштіқанағаттандыру туралы шешім қабылдап, Ақтау прокурорының атына 2002 жылғы 16шілдеде қайтыс болған адамның тұлғасын анықтау үшін жеке қаулы шығарды.