АСТАНА. ҚазАқпарат - Марокко құрамасы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан алғашқы африкалық құрама атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, марокколық футболшылар бүгін 1/4 финалда Португалияны 1:0 есебімен жеңді. Жеңіс сыйлаған жалғыз голды Юссеф Эн-Несири 42-минутта өз еншісіне жазды.
Аталған кездесуде португалиялық Криштиану Роналду ойынды қосалқы құрамда бастады.
Әлем чемпионатының ширек финалына осыған дейін африкалық үш құрама жеткен болатын. Алайда олардың ешбірі жартылай финалға өте алмады. Мәселен, 1990 жылы Камерун қосымша кезеңде Англияға 2:3 есебімен жол берді. Ал 2002 жылы Сенегал да қосымша кезеңде Түркиядан жеңілді. Ал 2010 жылы Гана пенальти сериясында Уругвайға 2:4 есебімен есе жіберді.
Енді Марокко құрамасы 14 желтоқсанда жартылай финалда Англия мен Франция жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Тағы бір жартылай финалда 13 желтоқсанда Аргентина және Хорватия құрамалары шеберлік байқасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.