Мароккода жылына адам мүшелерін ауыстыру бойынша 20-30-дан аса ота ғана жасалады. Ал, ота жасатуға мұқтаж пациенттердің саны жеті мың адамға жуық, дейді донорлық кеңес беру тобының басшысы Бенюссеф Рамдани.
Корольдікте 34 миллионға жуық адам тұрады. Соның ішінде донор болуға келісім берген адамдар саны өте аз - 250 адамның бірі ғана донор болғысы келеді. Салыстаратын болсақ, Франциядағы әрбір төртінші азамат өз мүшесімен бөлісуге дайын, онда жылына шамамен 12 мың ота жасалады. Ондағы тұрғындар саны 67 миллион адамға жақындаған.