Марокко королі африкалық ғалымдар қорын құрды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Марокко каролі Мұхаммед VI өз есімімен аталатын Африкалық ғалымдар қорын құрды. Жаңа ұйымның мақсаты - корольдікте және 29 африкалық елде тағаттылық пен төзімділікке шақыратын Ислам дінінің дамуына үлес қосатын жүздеген имам мен дін қызметкерлерін дайындау.

Бұл туралы муслим.кз жазады.

Дәстүрлі дін ғалымдарына қолдау білдіру арқылы Марокко королі Африка елдерінде экстремистік идеялардың таралуына жол бермеуді көздеп отыр. Қазіргі уақытта VI Мұхаммед атындағы имамдар дайындау институтында 500-ге жуық дін қызметкерлері білім жетілдіруде. Айта кетейік, аталмыш оқу ордасында ерлер ғана емес, әйел дін қызметкерлеріне де білім алуға мүмкіндік берілген.