Азық-түлік тасымалдайтын жүк машинасы Демнатта апта сайын өтетін ауыл жәрмеңкесіне бара жатқан. Корольдік жандермериясы оқиғаға байланысты тергеу амалдарын бастады.
Ресми мәлімет бойынша, 2022 жылы Мароккода жол-көлік оқиғаларынан 3,2 мыңнан астам адам көз жұмған.12:32, 07 Тамыз 2023
Мароккода автофургон аударылып, 24 адам мерт болды
РАБАТ. ҚазАқпарат – Марокконың орталық бөлігіндегі таулы аймақта орналасқан Демнат қаласында автофургон аударылып, 24 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.