Мароккода қаза тапқандар саны 1,3 мыңнан асты: Елде қаралы күн жарияланды
Елдің Ішкі істер министрлігі жариялаған соңғы мәліметке сәйкес, мерт болғандар саны ондаған провинцияда тіркелді: жер сілкінісі ошағына жақын орналасқан Марракештің оңтүстігіндегі Эль-Хаузда 694 адам көз жұмды, одан кейін тізімде Тарудант (347 адам мерт болды), Чичауа (191), Уарзазат (39), Марракеш (14), Азилал (11), Агадир (5), Касабланка (3), Аль-Юсуфия (1) және Тингуир (1) тұр.
Марокко королі Мұхаммед VI көптеген адамның қазасына байланысты елде үшкүндік қаралы күн жариялады. Сондай-ақ ол зардап шеккендерге көмек көрсету және зақымдалған ғимараттарды қалпына келтіру бойынша төтенше жағдай бағдарламасын әзірлеуді бұйырды.
Еске салайық, Мароккода қуаты 7 балдық жерасты дүмпуі 9 қыркүйекке қараған түні болды. Бұған дейін 1037 адамның көз жұмғаны туралы хабарланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады.