EFE агенттігінің құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, Сеутадан мигранттарды Мароккоға қайтару жалғасып жатыр.
Соңғы 30 сағат ішінде шамамен 69,5 мың адам Марокко аумағына қайтарылған. Сондай-ақ түн ішінде шекараны заңсыз кесіп өтуге жаңа әрекеттер тіркелмегені хабарланды.
Испания Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Мароккодан Испанияға өтпек болған мигранттар арасындағы қаза тапқандар саны 67 адамға жеткен.
Сонымен қатар Тарахаль шекара өткелі маңында қорғаныс бөгетін орнату жұмыстары басталды.
El País газетінің жазуынша, Испания премьер-министрі Педро Санчес Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенге хат жолдаған. Онда ол Сеутадағы оқиғалардан кейін ЕО-ның кейбір елдерінің ұстанымына көңілі толмайтынын білдіріп, одаққа мүше мемлекеттердің ішкі істер министрлерінің қатысуымен арнайы кездесу өткізуді ұсынған.
30 шілдеде 800-ден астам заңсыз мигрант Марокконың Фнидек ауданынан Африканың солтүстік жағалауындағы Испания анклавы – Сеутаға жүзіп өтпек болған. Бұл әрекетті Испания мен Марокконың қауіпсіздік қызметтері тоқтатты.
Премьер-министр Педро Санчес жағдайды бақылауға алу үшін үкімет барлық қолда бар ресурсты жұмылдырғанын мәлімдеді. Заңсыз өту әрекеттері көбейгеннен кейін Испания билігі өңірге қарулы күштердің бөлімшелерін жіберу туралы шешім қабылдады.
Бұған дейін Испания үкіметі бір тәулік ішінде Сеутаға жаяу немесе жүзіп 49 мыңнан астам адамның жетуі мүмкін екенін хабарлаған еді.
Еске сала кетсек, Сеута маңында қаза тапқан 14 мигранттың мәйіті Мароккодағы ауруханаға жеткізілді.
Оған дейін Испания Мароккомен шекарада жаңа бөгет орнатуға кіріскенін жаздық.