Буш-дю-Рон департаментінің полиция префектурасы хабарлағандай, ондаған адам зардап шеккен. Олардың басым бөлігі — Болгария азаматы.
Матчтың басталуына он минут қалғанда марсельдік ультрас жанкүйерлер «Левски» командасының жанкүйерлері отырған секторға қарай бет алып, болгариялықтарға түрлі заттар мен түтін шығаратын құралдар лақтырған. Осыдан кейін екі тараптың арасында төбелес басталды.
Кейін полиция көзден жас ағызатын газ қолданып, тәртіпті қалпына келтірген. Осыдан соң матч белгіленген уақытта басталып, «Олимпик» 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Дегенмен бес болгариялық жанкүйер көзінен, басынан жарақат алып, иығын шығарып алғандықтан, ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ тағы алты алты адам түрлі жарақат алып, денесін тіліп алған. Оларға оқиға орнында медициналық көмек оқиға көрсетілді.
Франция президенті Эмманюэль Макрон болгариялық жанкүйерлерге қарсы жасалған зорлық-зомбылықты айыптап, мұндай әрекеттерге спортта да, қоғамдық ортада да жол берілмейтінін мәлімдеді. Бұған қоса Брюссельде өткен Еуропалық саммит кезінде Болгария премьер-министрі Румен Радевпен кездескен Макрон кінәлілердің жазадан құтылмайтынын жеткізді. Ал Болгария президенті Илиана Йотова оқиға бейнеленген кадрларды «жан түршігерлік» деп атап, зорлық-зомбылықты қатаң айыптады. Ол Франция билігінен оқиғаны жан-жақты тергеуді, сондай-ақ УЕФА-дан болгариялық жанкүйерлердің қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілгенін тексеруді талап етті.
«Олимпик» клубы ресми мәлімдеме жасап, жанкүйерлер арасындағы жанжалға өкініш білдірді әрі қауіпсіздік қызметінің оқиғаға жедел араласқанын атап өтті. Ал Болгария клубы мен футбол федерациясы ұйымдастырушыларды қауіпсіздік шараларын тиісті деңгейде қамтамасыз етпеді деп айыптап, УЕФА-ны қатаң шара қолдануға шақырды.
Айта кетейік, Батумиде Түркияның «Бешикташ» футбол клубының жанкүйерлері мен Грузия полициясы арасындағы қақтығыстан кейін, 16 адам ұсталған еді.