Марсельдегі Ресей консулдығы жанындағы жарылыс: күдіктілер қамауға алынды

Фото: bfmtv.com

АСТАНА. KAZINFORM — Ресей Федерациясының Марсельдегі Бас консулдығына шабуыл жасады деген күдікпен екі адам қамауға алынды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

— Марсель прокуратурасы кәмелетке толған екі азаматтың ұсталғанын және олардың қамауға алынғанын растайды, — деді хабарлады қала прокуратурасы ТАСС ақпарат агенттігіне.

Дүйсенбі күні таңертең, 24 ақпанда, Марсель қаласының 8-ші округіндегі Ресей консулдығының аумағына тұтандырғыш қоспадан тұратын екі бөтелке лақтырылды. Екі снаряд та ғимаратқа зиян тигізбеді. Зардап шеккендер жоқ.

Консулдық 8-ші округтегі Амбруаз-Паре даңғылында орналасқан. Бұл округте көптеген консулдық, соның ішінде Мысыр, Тунис, Армения, Сан-Томе және Принсипи елшіліктері шоғырланған. Оқиға орнында отызға жуық өрт сөндіруші мен полиция қызметкерлері бар.

Сонымен қатар оқиға орнының жанынан ұрланған көлік табылды.

Еске салсақ, осыған дейін Франция Сыртқы істер министрлігі Марсельдегі Ресей консулдығы маңында болған жарылысқа түсінік бергенін жаздық.