Марсқа билет қанша тұрады?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық миллардер, SpaceX және Tesla Motors компанияларының негізін қалаушы Элон Маск ғарышты зерттеудегі өз жоспарларымен бөлісті.

43 жастағы бизнесмен болашақта SpaceX жекеменшік ғарыш компаниясы қалаған адамды 500 мың АҚШ долларына Марсқа апара алатынын айтуда. Бірақ миллиардер жарты миллион доллар тек бір бағытқа бару құны ма әлде толық құны ма, ол жағын ашып айтпады, деп жазады шетелдік БАҚ.