Марсқа аттанатын алғашқы алты топ, әрқайсысында төрт-төрттен 2015 жылы құрылып болуы тиіс. Алдымен 2016-2020 жылдары Марсқа тұрғылықты және қызметтік модульдер тұрғызатын роботтар жіберілмек. Ал адамдар 2022 жылы ұшырылып, 2023 жылы жетеді деп болжануда. Сол жақта біржола қалмақ ниетпен ұшатындар 7 айға жуық жол жүрмек. Алғашқы төрттікке 2 ер адам мен 2 әйел адам кіреді. Mars One компаниясының бас директоры Бас Лансдорптың айтуынша, бұл ғаламшардағы ресми тіл ағылшын тілі болмақ.
Mars One жобасы 2011 жылы басталды. Жобаның мақсаты - Марста адамдар мекенін құру және ондағы тіршіліктің жайын Жерге тікелей эфирден тарату.