Марсоход Curiosity Қызыл ғаламшардағы құйынды видеоға түсірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Ұлттық аэроғарыш агенттігі Марста түсірілген шаңды құйынның видеосын жариялады. Кадрлар Гейл кратеріне жақын маңда түсірілген.

Алдын ала деректерге сәйкес, әңгіме марсоходқа қауіп төндіретін шаңды  торнадо жайлы болып отыр.

Айта кеткен жөн, автоматтандырылған Curiosity платформасы Қызыл ғаламшардың жоғары бетіне 2012 жылы қонған еді. Ұлттық аэроғарыш агенттігінің мәлім етуінше, аппарат істен шыққанша пайдаланылатын болады.