Бұл суретті мұқият зерттеп қана қоймай, ол жайлы видео жасап шыққан «Truthseeker» деген никті желі пайдаланушысының пікірінше, Марста байқалған діни символ ағаштан жасалған крест. Ал шағын плита белгі тасқа ұқсайды.
«Бұл қабірдегі өлген адамның есімі жазылатын белгі тасқа ұқсайды. Бұл NASA жариялаған суреттердің ішінде крестті байқауға болатын Марста түсірілген суреттердің алғашқысы емес», - деген желі пайдаланушысының сөзін cryptozoologynews.com жазды.
Еске сала кетейік, сәуір айының басында Curiosity Жерге жіберген суреттерінде ашық түсті жолақ болған. Ғалымдар мұны Марс жартасындағы күн сәулесінің шағылысуынан пайда болды деп түсіндірген.
Алайда ерекше құбылыстарға әуес жандар бұл жарық Марстағы өмірдің бар екенін айғақтайды деп отыр.