Марста тіршілік іздейтін ExoMars-2016 миссиясы Байқоңырдан ұшырылды
18:01, 14 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуроодақ пен Ресей ынтымақтастығының тарихында алғаш рет Марстағы тіршілікті зерттейтін ЕxoМars-2016-ны (ЭкзоМарс-2016) алып «Протон-М» зымыран тасушысы Байқоңырдан ұшырылды, деп хабарлады ресейлік «РИА Новости» агенттігі.
2016 жылғы миссиясының негізгі міндеті - Марстағы тіршіліктің бар не жоқ екенін растай алатын метан газын планета атмосферасынан іздейді, сондай-ақ 2018 жылға жоспарланған ExoMars екінші экспедициясы үшін қажетті негізгі технологияларды тексереді.
«Протон» жоспарға сәйкес уақытта ұшырылды, - деді Ресейғарыш өкілі.
Миссияның екінші кезеңін 2018 жылы жүзеге асыру жоспарланған.