Осындай шешімге ғалымдар Curiosity арнайы құрылғысының Марстан жіберген мәліметтеріне сараптама жасай отырып келген. Олар Гейлдің кратерінде осыдан шамамен 3,5 млрд. жыл бұрын көгілдір көл айдыны шалқыған деп болжап отыр. Және онда өмір сүруге қажетті - көміртек, сутек, азот және күкірт жеткілікті болған.
Көл ұзақ уақыт бойы, мүмкін тіпті ондаған, жүздеген мың жыл бойы өмір сүрген. Сондай-ақ, ғалымдар болжаммен судың орташа температурасын және оған өзен суының толассыз құйылып тұрғандығын анықтады.
Ғалымдар Марстағы су түрлі химиялық және минералды элементтерге бай болған деп болжайды.