Ғалымдардың айтуынша, бұл суреттер мен одан алынған мәліметтер Қызыл планетада бұрын болған өзен жүйесін зерттеуге көмектеседі.
Жарты жыл бұрын НАСА Марста өзендер табылғанын жариялаған. Дәлірек айтқанда, Цельсия бойынша минус 70 градус суықта да қатпайтын тұзды сұйықтық жайлы айтылған еді. Олардың мәліметінше, өзендер маусымға байланысты пайда болады.