Бұл туралы бүгін Астанадағы ҮИИДМБ іске асыруға арналған индустриялық форумда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Егер ауқаттылар 200 мыңға (АҚШ доллары) автокөлік алып жүрсе, жүре берсін. Дегенмен де барша бай Батыс елдерінде отбасылар шағын көліктерді сатып алады. Себебі, бұл үлкен автокөліктерді тұраққа қою, онымен қалада жүру мүмкін емес. Сонымен қатар бензинге шығыстар да төрт есе артық. Ал бізде енді ғана байығандар енді танкілерді жеңіл көлік секілді сататын болса, оған да мінуге дайын. Яғни, өзін байқату үшін бұндай техниканы мәртебе деп санайды. Осыны мәдениетсіздік, сауатсыздық деп бағалауға болады», - деп атап өтті Елбасы.