Бұл туралы sports.kz. хабарлады.
«Бұл қиын жекпе-жек. Көз алдыма ештеңе елестете алмаймын, - деген Мюррейдің сөзін келтіреді BoxingScene. com. - Головкин - соққысы күшті машина, алайда менде оны жеңетін тәсіл бар. Айқас оңай болмасы анық. Ішкі үрейді жеңуім қажет, бұған дайынмын десе де болады. Головкин де жеңілуі мүмкін, одан қорықпай рингке шықпақ ойым бар».