Бұл туралы Sports.kz жазды.
«Головкин супер орта салмаққа ауыса алар еді, өйткені орта салмақта оған лайықты қарсылас та қалмады. Ал Карл Фрочтың ойын мәнеріне қанықпын. Олардың жекпе-жегі нағыз айқасқа айналар еді. Менің ойымша, Геннадийдің соққылары өте ауыр, әрі рингте өзін еркін ұстайды. Оның Карлден басым түсетіндігі сөзсіз.
Ал Джеймс Дигейл болса, көбінесе қарсы соққы берудің шебері. Бірақ ол да Головкинді жеңе аларлықтай қауқарлы деп санамаймын»,-деген пікірін білдіреді Мюррей.