- Сондерс - тамаша боксшы, бірақ Головкинмен жекпе-жекте оған еш мүмкіндік берілмейді. 160 фунтта Головкинді ешкім жеңе алмайды. Джейкобспен айқаста Головкин әдеттегідей сылбыр қозғалды, бірақ сөйте тұра, әлемдегі үздік орта салмақ боксшыларының бірін жеңді, - деген Мюррейдің сөзін келтіреді Boxing News журналы.
Головкин мен Мюррей 2015 жылы 21 ақпанда Монте-Карлода кездесті. Бұл айқаста 11-раундта Геннадий техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.