Мартин Мюррей: «Орта салмақ дәрежесінде Головкинді ешкім жеңе алмайды»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық боксшы Мартин Мюррей Головкиннің мықты тұстарын атады, деп хабарлады Sports.kz.

«Головкиннің әр соққысы саған зиянын тигізуі мүмкін. Бұл оның соққыларының күшіне байланысты. Ол мұнымен қатар қарсыласының соққыларын қабылдай да алады.  Ол үздіксіз қысым көрсетеді және мұны жақсы атқарады. Орта салмақта оны жеңе алатын боксшыны көріп отырған жоқпын.  Сондықтан Бруктың екі салмақ дәрежесіне көтерілуі дұрыс шешім деп айта алмаймын», - деген пікірімен бөлісті Мюррей World Boxing News-те.