Мартин Мюррей жаттығу грушасына Геннадий Головкиннің суретін іліп қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мартин Мюррей қазақстандықпен өтетін жекпе-жекке дайындықтың ерекше түрін қолдануда, деп хабарлады boxingnews.kz. порталы.

Британдық боксшы жаттығу грушасына Геннадийдің суретін іліп қойды. 32 жастағы Мюррейдің жаттығуы Оңтүстік Африка Республикасында өтіп жатыр.

Еске салсақ, Геннадий-Мюррей айқасы 21 ақпанда Монакода өтеді. Көптеген мамандар арасында жекпе-жекте қазақстандықтың басым түсетіні жайлы пікірлер өрбуде.