Қазір Мартиросян SNAC спорт орталығында бұрынғы UFC чемпионы Ронда Роузидің жаттықтырушысы болған Эдмонд Тарвердянмен бірге дайындық жүргізіп жатыр.
«Мен бұл мүмкіндікке әлемді таңғалдыру үшін ие болдым. Мен роботпен жұдырықтаспаймын. GGG - қарапайым адам, оны жеңуге болады. Мен осы жекпе-жекке құмартып отырмын. Қазір SNAC-та жаттығып жатырмын, бізде жеңіс үшін жоспар бар екендігіне сенемін», - деп келтіреді Boxingscene.com Мартиросянның сөзін.
Головкин мен Мартиросян кездесуі 5 мамырда Лос-Анджелес маңындағы Карсонда (Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді.
Фото: worldboxingnews.net
09:23, 23 Сәуір 2018
Мартиросян Головкинмен жекпе-жекте әлемді таңғалдырмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық үміткер Ванес Мартиросян 5 мамыр күні бірнеше нұсқа бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді жеңіп, сенсация жасауда өз мүмкіндігіне сенеді, деп хабарлайды Sports.kz.