«Ақмола облыстық көпбейінді балалар ауруханасында БАК зертханасындағы жөндеу жұмыстарымен таныстым. Науқастар әңгімелесіп, ауруханадаға жағдайларын сұрап білдім. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау ұйымы Ақмола облысынан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысынан да балаларды қабылдайды.
Денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық көпбейінді балалар ауруханасының басшылығына барлық деңгейде атқарушылық тәртіпті жақсарту қажеттілігі туралы ауызша ескерту жасадым», - деп жазды Е.Маржықпаев.
Сонымен қатар, аймақ басшысы ақмолалықтардың әлеуметтік желідегі шағымдарын ескере келе, алдағы уақытта мұндай олқылықтарға жол бермеу туралы тапсырма бергенін де атап өтті.