Мас адам пышақпен үш полицейді жаралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Киров қаласында полиция бөлімшесіне жеткізілген мас адам үш құқық қорғау органының қызметкерін пышақпен жаралаған.

Облыстық ІІМБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 39 жастағы жұмыссыз азаматты әкімшілік құқық бұзу бойынша - қоғамдық орында мас болып жүргені үшін патрульдік полиция қызметі ұстаған.

Тексерген кезде ол күтпеген жерден үш полиция қызметкеріне пышақ салған. Артынша қашпаққа әрекеттенген. Қаскүнем ұсталды.

Қолға түскен азамат бұрын да бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты.