Шілденің 28-інде Хаггерти сатып алушымен кездесіп, Манхэттеннің қонақүйлерінің бірінде оған Короның осы картинасын көрсеткен. Одпан кейін ол қонақүйдің барына кеткен.
Ол өз үйіне қонақүйден екі сағаттан кейін оралған. Ал таңертең картинаны қайда қойғанын таба алмай қалған. Картина иелерінің бірі Кристин Траджен Хаггертиден суреттің құнын талап етіп шағым берген.
Жан Батист Камиль Короның «Қыздың портреті» атты картинасы 1857 жылы салынған. Бүгінде оның құны 1,3 миллион доллардың шамасын құрайды.