Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінен хабарлағанындай, тамыздың 22-сі күні сағат 21.12-де «Ақтоғай-Семей» қатынасындағы жүк құрамасы рельстердің арасында жатқан ер азаматты басып кетті. 30 жастағы зардап шегуші оқиға кезінде мас болған. Тергеушілер құраманы басқарған машинистің кінәсін анықтағалы отыр. Оқиға пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ.
13:41, 24 Тамыз 2009
Мас еркек теміржолдағы төтенше оқиғаға себеп болды
СЕМЕЙ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Алматы теміржолының Жалғыз төбе стансасында сенбі күні кешке орын алған төтенше оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеуде.