Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтпек болған адамды шекарашылар Зея және Амур өзендерінің қосылған жерінде тапқан. 1966 жылы туған ер адам жоғары жылдамдықтағы катермен көрші мемлекетке қарай бағыт алған, алайда Амурдың кеме жүзетін жолынан 200 метр қашықтықта ұсталды.
Аталған факті бойынша әкімшілік заңбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Катер тәркіленді және қазір шекаралық кемелерді негіздеу пунктінде. Осы іске қатысты тексеру жүргізілуде. Заң бұзушының алкогольдік ішімдік ішкені анықталды, деп хабарлады Ресейдің Амур облысы бойынша ФҚҚ шекаралық басқармасының баспасөз қызметінде.