Түркістан облысының тұрғыны Шымкенттегі мешіттердің бірінде ұялы телефон ұрлаумен айналысқан.
Ол бір күнде екі азаматты гаджетсіз қалдырып, бір кішкентай баланың ұялы телефонын алдап алып қойған.
Полиция оны мас күйінде кезекті рет ұрлық жасаған кезде ұстады.
Тәртіп сақшылары телефонды заңды иелеріне қайтарды.
Ұсталған ер адамға қатысты тергеу жүріп жатыр.
Полиция қызметкерлері қалта ұрлығы адам көп жиналатын орындарда — базар, сауда орталықтары, автобуста жиі жасалатынын ескертеді.