Оқиға Амангелді ауданындағы Қарасу ауылының маңында болған.
«Жол апаты туралы аудандық ІІБ кезекші бөліміне аурухананың фельдшері хабарлады. Арқалық-Торғай тасжолында «Ауди 80» маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетті. Нәтижесінде көлікте отырған 47 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженар.
Медициналық сараптамаларға сәйкес, көлік жүргізушісі мас күйінде болмаған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы («Жол қозғалысы ережесінің бұзылуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.