Оңтүстік Йоркшир графтығының полицейлеріне орындықтан құлап, жәндіктердің шаққаны үшін өтемақы төленді. Жалпы алғанда, соңғы бес жылда төленген өтемақы сомасы 144 мың фунт стерлингті (8,3 млн. рубль)құраған. Айтарлықтай маңызды емес залал үшін осындай ірі көлемдегі ақшалай өтемақыны салықтөлеушілердің құқығын қорғаушы ұйым өкілдері ойлап шығарған, деп жазады Mirror.
Атап өтейік, баспалдақтан құлағаны үшін бір құқық қорғаушыға 10 мың фунт стерлинг, ал тағы біреуіне саусағын есікке қысып, жарақаттап алғаны үшін 1,5 мың фунт төленген.
Полицияда ысырапшылдыққа байланысты шағымды жоққа шығарып отыр. Ондағылар тәртіп сақшылары қызметтік міндеттерін орындауда денсаулығына келген зиян келген жағдайда заң қамқор болу керек екендігін мәлімдеген.
Ресейде құқық қорғау қызметкерлеріне төленетін төлемақылар да жиі жанжалға әкеліп жатады. Мәселен, 2012 жылдың мамырында мемлекет астанасының Ерекше тағайындаудағы милиция жасағының төрт қызметкері 6 мамырда Болотнойда болған көтерілісішілер митингісін басу кезінде зардап шегіп, әрқайсысы екі бөлмелі пәтерден алған. Мәскеуліктер үкіметтің бұл шешімін оң бағаламады, деп жазады Утро.ру.