Жер дүмпуіне байланысты MasАlert жүйесі автоматты түрде іске қосылды – ТЖД

Фото: Александр Павский / Kazinform; Wikipedia

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласынан 9 шақырым жерде жер сілкінді.

ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 21 қыркүйек Астана уақытымен 16 сағат 25 минут 19 секундта жер сілкінісі тіркелген.

Жер сілкінісінің координаттары: 43.165 с.е., 76.824 ш.б.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан 9 шақырым оңтүстік-батыста орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 7.2. Магнитуда MPV – 3.8.

Есептік қарқындылығы (балмен): сезілмейді.

Алматы қаласының аумағында дүмпу сезілген жоқ.

– «Masalert» жүйесі автоматты түрде хабарландыру таратты, - деп хабарлады ТЖД.

Еске салайық, бұған дейін алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабарлама келгенін жазғанбыз.

Сондай-ақ осыдан біраз уақыт бұрын MasАlert жүйесі магнитуда 5,5 балдан төмен кезде іске қосылуы мүмкін екені хабарланған еді.