«Масам» жобасы аясында өткен аптада Йеменде 1190 жарылғыш зат залалсыздандырылды

Фото: SPA

АСТАНА. KAZINFORM – Король Салман атындағы гуманитарлық көмек және жәрдем көрсету орталығы (KSrelief) ұйымдастырған «Масам» жобасы аясында қазан айының үшінші аптасында Йеменнің әртүрлі аймақтарында 1190 жарылғыш зат залалсыздандырылды, деп хабарлайды Kazinform The Saudi Press Agency агенттігіне сілтеме жасап.

Залалсыздандырылған жарылғыш заттардың қатарында 1135 жарылмаған оқ-дәрі, 49 танкке қарсы мина, бес жаяу әскерге қарсы мина және екі қолдан жасалған жарылғыш құрылғы бар.

Бұл жұмыстардың нәтижесінде жобаның іске қосылған сәтінен бастап жалпы залалсыздандырылған жарылғыш заттар саны 519 824-ке жеткен.

Аталған жарылғыш заттар Йемен аумағында бейберекет орналастырылған. Бұл жағдай бейбіт тұрғындар үшін, соның ішінде балалар, әйелдер мен қарттар үшін үлкен қауіп төндіріп, бұрын қауіпсіз болған елді мекендер тұрғындарына үрей үйірген.

Сауд Арабиясы KSrelief жобасы арқылы Йемен жерін жарылғыш заттардан тазарту миссиясын жалғастырып келеді. Бұл – бейбіт тұрғындарды қорғау және йемендіктердің қауіпсіз әрі тыныш өмір сүруіне жағдай жасау бағытындағы кең көлемді гуманитарлық күш-жігердің бір бөлігі.

Айта кетейік, Йемендік хуситтер БҰҰ-ның ұсталған бес қызметкерін босатты

Сондай-ақ осы елдегі хуситтер БҰҰ-ның 20 қызметкерін тұтқынға алды.