Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесенесі жанынан мәдени-қонақүй кешені ашылды
Оның ашылуына республиканың және аймақтың көрнекті қоғам қайраткерлері, ақындар мен жазушылар, М.Көпеев отбасының мүшелері қатысты.
«Мәшһүр Жүсп Көпеев және оның бай әдеби мұрасы қазақ халқының ұлы рухани қазынасы, - деп атап өтті өңір басшысы Болат Бақауов. - Біз Мәшһүр Жүсіптің мемориалдық кешенін одан әрі дамыта түсеміз».
М.Көпеевтің кесенесі мыңдаған адамдардың тәу ететін қасиетті орынға айналды. Енді зиярат етушілер үшін салынған «Ескелді қонақүй кешенінің екі қабатты ғимаратына 40 адамға арналған қонақ үй бөлмелері, асхана және ойшылдың мемориалдық музейі орналасқан. Кешенде, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың толыққанды демалуына да жағдай жасалған.
Музейде екі экспозиция залы бар: картина галереясы мен залда қазақ тарихшысы жәнге философының бай мұрасы қойылған. Мәдени-қонақүй кешенін салуға «KAZENERGY», қауымдастығы демеуші болды. Жобаның құны 30 миллион теңгеге жуықтайды. Құрылыстың мердігері - Павлодардың «Строймехсервис» ЖШС құрылыс фирмасы.