Бұл туралы ТАСС-қа жұма күні ферманың ветеринары Екатерина Сидорова хабарлаған. Дәрігерлер жануардың жол-көлік апатынан зардап шеккен аяқтарын құтқаруға бел буып отыр.
«Таяу күндері жергілікті мамандар ота жасайтын болады. Ең бастысы, шашылып кеткен аяқ сүйектерін орындарына қою. Егер сәтін салса, түйе орнынан тұрып, жүріп кететін болады»,-дейді Сидорова.