Машина жасау, металл өңдеу және су индустриясы технологияларына арналған көрме өтті

АСТАНА. KAZINFORM — «EXPO» халықаралық көрме орталығында қос іс-шара қатар ұйымдастырылды. 

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

VII Халықаралық Kazakhstan Machinery Fair 2026 көрмесінде машина жасау және металл өңдеу бойынша құрылғылар таныстырылды.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Ал XV Халықаралық SU ARNASY — Water Expo 2026 көрмесінде сумен жабдықтауға арналған технологиялар қойылды. Кәсіби алаңда 24 мемлекеттің 250-ден астам компаниясы өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. 

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Қазақстан кәсіпорындарымен бірге Германия, Италия, Аустрия, Түркия, Қытай т. б. елдердің мекемелері қатысты. Көрме қонақтары «Арыстан» астаналық құбыр зауыты» компаниясының да өнімдеріне куә болды. 

— Біз газ, су, кәріз, жылу, кабель қорғанысы құбырларын және осы бағыттағы т. б. өнімдерді шығарамыз. Полиэтилен материалынан жасалатын құбырларымыздың диаметрі 20 см-ден 1600 см-ге дейін жетеді. Шикізатты Ресейден алып, жылына 50 мың тоннаға дейін өнім өндіреміз. Бүгін әртүрлі көлемдегі құбыр үлгілерін көрсетіп отырмыз, — дейді компания өкілі Алтынай Жанысбаева.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Айта кетейік бұған дейін Астанада «RES 2026 EXPO» халықаралық жасыл және тұрақты технологиялар көрмесі өткенін жазғанбыз.

Сондай-ақ Қазақстан ITB Berlin 2026 көрмесіне не ұсынғанын хабарлағанбыз