Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Президент отандық автоөнеркәсіптегі локализация мәселесіне назар аударды. Бүгінгі таңда автомобиль саласы машина жасау мен бүтіндей өңдеу өнеркәсібін дамытудың негізгі драйверіне айналды. Сондықтан бұл саладағы жергілікті қамту мәселесі халық үшін ашық әрі анық болуы тиіс», - деді Әлихан Смайылов.
Осы ретте Үкімет басшысы Индустрия министрлігіне бір апта ішінде автоөнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік алаңдарына барып-көру кестесін белгілеуді тапсырды.
«Баратындардың қатарына міндетті түрде сарапшылар мен қоғам өкілдерін қосу қажет. Сонымен бірге, жалпы халық үшін отандық автоқұрастыру кәсіпорындарының қызметі туралы арнайы бейне-материалдар дайындап, БАҚ арқылы тарату керек», - деді Премьер-Министр.