Ел боксының тағдырына алаңдап жүретін чемпион соңғы кездері мәшинеге әуестігі артқандығын айтады. Өзінің астында «Джип» көлігі бар. Соған қарамастан, кез келген жерде «мәшине» сатып ала беру хоббиіне айналып кеткен екен. Бірінен-бірі өтетін, көздің жауын алатын ойыншық көліктер боксшыны қолды-аяққа тұрғызбайды. Себебі, тіл-көзден сақтасын, олимпиада чемпионының отбасында бір қызы, бес ұлы желкілдеп өсіп келе жатыр.
Мақала «Нұр Астана» газетінің 3 мамыр күні шыққан санында жарық көрді.