4 қыркүйекте елордада қайырымдылық мақсаттағы ірі халықаралық Астана марафоны басталды.
Ауқымды жарысқа алыс және жақын 25 шетелдің атлеттері қатысуда. Атап айтқанда, қазіргі кезде АҚШ, Бразилия, Германия, Ұлыбритания, Малайзия, Австралия, Бельгия, Иран, Ресей, Түркия, Грекия, Жапония, Өзбекстан, Қытай, Франция, Польша және басқа да елдердің азаматтары бар.