Мәсімов Рио-2016 медаль алған Ә.Ниязымбетовті, Г.Манюрованы және Е.Ларионованы құттықтады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзінің Twitter-аккаунтында Әділбек Ниязымбетовті, Гюзель Манюрованы және Екатерина Ларионованы күміс және қола медальдарымен құттықтады.

«Спортшыларымызды құттықтаймын! Ә.Ниязымбетов - күміс, Г.Манюрова - күміс, Е.Ларионова - қола. Алға #KAZ», - деп жазды үкімет басшысы.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында 15 медаль бар: Нижат Рахимов, Дмитрий Баландин және Данияр Ереусіновте «алтын», Елдос Сметов, Василий Левит, Жазира Жаппарқұл,  Әділбек Ниязымбетов және Гюзель Манюровада «күміс», ал Галбадрах Отгонцецег, Карина Горичева, Фархад Харки, Ольга Рыпакова, Александр Зайчиков, Эльмира Сыздықова мен Екатерина Ларионовада «қола».