«Бүгінгі таңда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов тарапынан мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, биліктің және және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану жөніндегі қылмыстық істерді тергеу аяқталды.Бас прокуратура айыптау актісін бекітіп, қылмыстық істі қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдады», - деді Баспркуратура өкілі.
Сондай-ақ ол аталмыш органның өңірлік деңгейдегі басшыларына қатысты істертуралы мәлімет берді.
«Алматы қаласы, Қызылорда және Алматы облыстарының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің экс-басшылары, Алматы облысы полиция департаменті мен Алматы қаласыуежайының желілік полиция бөлімініңбұрынғы басшыларына қатыстықылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысу рәсімі жүргізілуде», - деді Елдос Қилымжанов.