Маск «Америка» атты жаңа саяси партия құрылғанын жариялады
НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM – Илон Маск өзінің X әлеуметтік желісіндегі сауалнама нәтижесіне сүйене отырып, «Америка» атты жаңа саяси партияның құрылғанын жариялады, деп жазады ТАСС.
– 2-ге 1 нәтижемен сіздер жаңа саяси партияның қажет екенін қолдадыңыздар – енді ол болады. Елді шектен тыс шығындар мен парақорлық банкротқа ұшыратып жатқан қазіргі жағдайда біз демократияда емес, бірпартиялы жүйеде өмір сүріп жатырмыз. Сіздердің бостандықтарыңызды қайтару үшін бүгін «Америка» партиясы құрылды, – деп жазды ол X желісінде.
Сауалнамаға 1,2 миллионнан астам қолданушы қатысқан. Олардың 65,4 пайызы жаңа партия құруды қолдаған.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның бұрынғы одақтасы, Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск арасындағы шиеленіс қайта өршігені туралы жаздық.