«Егер Трамп сайланбаса, бұл соңғы сайлау болатынын америкалықтардың өте аз бөлігі ғана түсініп отыр. Ол демократияға қауіп төндірмейді, керісінше, оны құтқара алатын жалғыз адам», - деп жазды Маск X әлеуметтік желісінде.
Масктың пікірінше, егер Демократиялық партияның кандидаты Камала Харрис президенттік сайлауда жеңіске жетсе, заңсыз иммигранттар елге келуін жалғастырып, бірте-бірте келесі сайлауда азаматтық пен дауыс беру құқығына ие болады. Осылайша, кәсіпкер мигранттардың дауысына ие болған Демократиялық партия төрт жылдан кейін бәсекелестіктен шығып, АҚШ-тағы жалғыз сайлау демократтар праймеризі болады деп есептейді.
Миграциялық дағдарыс АҚШ-тағы қазіргі сайлау науқанының басты тақырыптарының біріне айналды. Кезекті президент сайлауы 5 қарашада өтеді. Республикашылдар демократтарды заңсыз иммиграциямен байланысты проблемалар күрт нашарлады деп айыптап отыр.
Kazinform үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынған.