Маск Грокипедияның іске қосылғанын жариялады
АСТАНА. KAZINFORM – Америкалық xAI технологиялық компаниясы Грокипедия (Grokipedia) платформасын әзірлегенін жариялады.
Бұл туралы компанияның негізін қалаушы Илон Маск өзінің X парақшасында мәлімдеді.
- Бұл Википедияға қарағанда керемет жетілген дүние болады. Шынын айтқанда, бұл xAI-ға жету жолындағы немесе ғаламды түсінуге деген қадам, - деп жазды кәсіпкер.
Оның айтуынша, Грокипедия қолдану жағынан барлығына қолжетімді әрі шектеусіз болады.
Бастапқы ашық коды бар сайт қателерді автоматты түрде түзету және оның мазмұнының дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасанды интеллектіні пайдаланады.
Кәсіпкердің мәлімдеуінше, жаңа ресурс қазіргі уақытта түпнұсқа «Википедияда» сілтеме жасауға тыйым салынған дереккөздер негізінде контент жасайды және жалпыға қолжетімді болады.
Масктың X постында технологиялық компанияның негізін қалаушы және инвестор Дэвид Сакстың да хабарламасы бар, ол Википедияны сынап, оны «үмітсіз біржақты» деп атап, «солшыл белсенділер армиясымен» басқарылатынын жазды.
- Жағдайды күрделендіріп отырған мәселе бар, ол Googl жүйесінде Википедия бірінші болып шығады және ол жасанды интеллект үлгілерін үйретуде сенімді көз болып табылады. Бұл- үлкен проблема, - деп мәлімдеді Сакс.
Инвестор бұл пікірін жуырда Такер Карлсонның Wikipedia-ның негізін қалаушы Ларри Сэнгерге берген сұхбатын көргеннен кейін білдірді, ол Карлсонды Wikipedia-ның мақұлданған және тыйым салынған дереккөздерінің тізімімен жүргізіп өтті.
Тыйым салынған ақпарат көздеріне Fox News, The New York Post, The Federalist және Breitbart News кірді.
Бұған дейін Илон Маск Grok 2 чат-ботының бастапқы кодын ашпақ екенін жазған болатынбыз.