Маск Х әлеуметтік желісіне масштабты шабуыл жасалғанын хабарлады
АСТАНА. KAZINFORM – Х әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск аталған әлеуметтік желіге масштабты кибершабуыл жасалғанын хабарлап, әлі де жалғасып отырғанын айтты. Бұған дейін әлемнің әр түкпіріндегі платформа тұтынушылары желі жұмысында ақау болғанын жарыса жазды. Бұл туралы BBC мәлім етті.
— Х-ке масштабты кибершабуыл жасалды әлі де жалғасып жатыр. Бізге негізі күн сайын шабуыл жасалады. Бұл жолы тіпті үлкен ресурста жасалды. Бұған ірі орталықтандырылған группа немесе елдің қатысы бар жоғын анықтап жатырмыз, — делінген Масктің Х-ке жазған постында.
Дүйсенбі күні Х қолданушылары вебсайттың мобильді нұсқасының жұмысына шағым айтқан. Олар сондай-ақ жаңалықтар лентасын жаңалау, хат жіберуде мәселе туындағанын хабарлаған.
Бұған дейін хабарланғандай, Илон Маск 14-ші рет әке атанды.