«Наурыз айынан қыркүйекке дейін медицина қызметкерлеріне 83 млрд теңге көлемінде үстемеақы төленген. Оның ішінде ең көп төлем шілде айында 24,8 млрд теңге төленген», - деді дөңгелек үстел барысында қордың медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры Светлана Пономарева.
Оның айтуынша, төлемдер кез-келген меншік формасындағы медициналық мекеменің қызметкерлеріне берілген.