АСТАНА. KAZINFORM — SpaceX 20-30 жылдан кейін Жердің ешқандай қолдауынсыз Марста өркениет құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы компания басшысы Илон Маск Fox News арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
— Біз Марсқа барғысы келетіндердің барлығын жіберіп, ол жерде өзін-өзі толық қамтамасыз ететін өркениет құрғымыз келеді. Бұл компанияның ұзақ мерзімді мақсаты — өмірді бірнеше планетаға тарату. Менің ойымша, біз мұны 20-30 жылда жасай аламыз, — деді Маск.
15 наурызда Маск 2026 жылдың соңында Starship ғарыш кемесі Optimus гуманоид роботымен Марсқа ұшырылатынын хабарлады. Оның айтуынша, роботтық ұшулар сәтті жүзеге асса, 2029 жылы Марсқа адамдарды жібере бастайды.
Айта кетейік, Маск «ең ақылды жасанды интеллектіні» іске қосатынын жазған едік.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы