Ол өз сөзінде алдағы 2 жылға инфляция бойынша мақсатты аралық параметрлер белгіленгенін атап өтті. Нақтырақ айтқанда, инфляция бойынша көрсеткішті 2018 жылы 5-7 пайызға, 2019 жылы 4-6 пайызға жеткізу көзделген.
«Ұлттық банк дәлме-дәл түсімді қалыптастыру мен халықтың инфляциялық күтімін тұрақтандыру бойынша трансмиссиялық механизмдердің арналарын жетілдіру жұмысын жалғастырады. Қосымша шаралардың қатарында - банк секторын сауықтыру, экономиканы долларсыздандыруға жігерлендіру, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды оңтайландыру бойынша қадамдар бар», - деді Данияр Ақышев.
Сонымен қатар, Ұлттық банк басшысы 2017 жылдан бастап ақша-несие саясатының негізгі бағыттарында экономиканы дамытудың сценарийлік нұсқалары қарастырылып жатпағанын атап өтті.
«Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдары мен сценарийлері тоқсан сайын ҚР ҰБ-ның «Инфляция шолуы» басылымында және біздің сайттағы «Инфляцияның болжамы туралы» атты баспасөз мәлімдемелерінде жарияланып тұрады. Соңғы жарияланған болжамдар базалық сценарийде - баррельіне 60 доллар деп негізделген», - дейді Д.Ақышев.