Мәскеу «әлемнің ең қымбат қаласы» атағын Токиоға берді
10:11, 07 Шілде 2009
МӘСКЕУ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Жапония елордасы -Токио ағымдағы жылы Мәскеу қаласын шетелдіктер үшін әлемдегі ең қымбат қалалар тізімінің бірінші орынынан ығыстырды, делінген жыл сайын рейтинг құрастыратын Mercer агенттігінің сайтында.
Оған қоса, үш жыл қатарынан рейтингте көш басын бермей келген Мәскеу биыл екінші орынды да жапондық қалаға - 11-ші орыннан көтерілген Осакаға беріп отыр.
Mercer's Cost of Living компаниясының рейтингі өз қызметкерлерін шетелдерге жұмысқа жіберетін фирмалар мен ұйымдарға арналған. Күнкөріс құны баспана жалдау, көлік жалдау, азық-түлік, киім-кешек, ойын-сауық сияқты барлығы 200-дей көрсеткіш бойынша жасалып отыр. «Қымбат қалалардың бестігінде» Мәскеуден кейінгі орындарда Женева мен Гонконг қаласы тұр.