Оған қоса, үш жыл қатарынан рейтингте көш басын бермей келген Мәскеу биыл екінші орынды да жапондық қалаға - 11-ші орыннан көтерілген Осакаға беріп отыр.
Mercer's Cost of Living компаниясының рейтингі өз қызметкерлерін шетелдерге жұмысқа жіберетін фирмалар мен ұйымдарға арналған. Күнкөріс құны баспана жалдау, көлік жалдау, азық-түлік, киім-кешек, ойын-сауық сияқты барлығы 200-дей көрсеткіш бойынша жасалып отыр. «Қымбат қалалардың бестігінде» Мәскеуден кейінгі орындарда Женева мен Гонконг қаласы тұр.